Астанада жаңа көше ашылды

Астанада жаңа көше ашылды. Ол Тұран даңғылы мен қаланың жаңа бөлігіне түсетін кептелісті азайтады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Шағын айналма автожол құрылысы» жобасын іске асыру аясында Сығанақ көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Айтматов көшесінің құрылысы жүріп жатыр.

17 қарашадан бастап осы көшеде жол төсемі арқылы қозғалыс қамтамасыз етілді. Айтматов көшесі сегіз жолақты болады, қазіргі уақытта қозғалыс 4 жолақ бойынша ашық: екеуі – бір жақты, екеуі – кері бағытта.

Айтматов көшесінің ашылуы қаланың жаңа бөлігіндегі Тұран даңғылына, Қабанбай батыр даңғылына, Сығанақ көшесіне, Қ.Мұхамедханов көшесіне түсетін жүктемені айтарлықтай азайтады.

Ұлы Дала даңғылына шығатын Айтматов көшесінің жалғасын салу бойынша жұмыс, оның ішінде көше жарығын орнату, іргелес аумақты абаттандыру және жол қозғалысын реттейтін белгілерді толықтай орнату арқылы барлық 8 жолақта жол жүруді қамтамасыз ету 2024 жылы жалғасатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы