Бүгiн 2026, 14:12 Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Астанада жаңа Конституцияға байланысты референдум қарсаңында Taldau Run өтті

Спорттық іс-шараға 500-ден астам адам қатысты.

Бүгін елордада Taldau Run дәстүрлі спорттық іс-шара өтті. Жүгіруге 400-ден астам саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген белсенді азаматтар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың қатарында Парламент депутаттары мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, талдау құрылымдарының өкілдері бар.

Сенат төрағасы атап өткендей, Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде барлық салада кешенді өзгерістер жүргізіліп жатыр. Жаңа Конституция мемлекеттік басқарудың заманауи әрі тиімді үлгісіне көшуін қамтамасыз ету және азаматтардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысу құқықтарын кеңейту жөніндегі реформалардың нақты нәтижесі екені сөз болды.

Мәулен Әшімбаев осындай іс-шараларға қатысу нағыз азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісі екенін айтты. Бұл – саналы және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 15 наурызда жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум өтеді. Осы орайда басты нәрсеге назар аударуымыз керек. Яғни, түпкілікті сөзді халық айтады. Сондықтан әркім өз ұстанымын білдіріп, еліміздің болашағын айқындайтын референдумға қатысу ерекше мәнге ие. Бүгін осылай белсенді, сыни ойлай алатын, ел ертеңіне бей-жай қарамайтын ортада жаңа Конституция туралы айтуымыздың символикалық мағынасы терең деп есептеймін. Сіздердің әрқайсыңыз айналаңызды жасампаздыққа шақырып, үлгі көрсетіп келесіздер. Мұны алдағы жаңаруларға ықпал ететін ынталандырудың озық үлгісі деп қабылдаймыз, – деп, Сенат төрағасы қала әкімдігіне спорттық іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.