Астанада жаңа электронды төлем жүйесі бар автобустар іске қосылды
Астанада жаңа электронды жолақы төлеу және диспетчерлік жүйе жабдығымен жабдықталған автобустар дайын болған бойда жолға шығады, деп хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
City Transportation Systems көлік компаниясының мәліметінше, жаңа бағыттарды қазір Avtobys мобильді қосымшасы арқылы ғана бақылауға болады.
Бұған дейін бұл автобустар №3, 15, 32, 54, 61 бағыттарда жүрсе, енді №5, 5А, 8, 26, 45 бағыттар бойынша жолға шықты, – деп жазылған хабарламада.
Көлік компаниясы ауысу кезеңінде жаңа автобустар аялдамалардағы ақпараттық тақталарда немесе қоғамдық көліктерді қадағалауға арналған қолданыстағы мобильді қосымшаларда көрсетілмейтінін атап өтті.
Қазіргі уақытта бұл бағыттардың қай жерде келе жатқанын тек Avtobys мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады. Бұл мобильді қосымшаны қолданбаны AppStore, Google Play және AppGallery дүкендерінен жүктеп алуға болады. Жүйе толығымен енгізілгеннен кейін барлық қызметтер бұрынғыдай жұмыс істейді. Жаңа жүйеге толық көшу 2023 жылдың соңына дейін аяқталады, – деп жазылған көлік компаниясының хабарламасында.