Астанада жаңа экспресс-бағдарлар іске қосылады

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті жолаушылар! 6 қазанда Астана қаласы көшелеріне жаңа №501 және №502 экспресс-бағдарларының шығатынын қуана хабарлаймыз! Экспресс-бағдарлардың жұмысы жылдам әрі жайлы сапарлар, жол жүру уақытын азайтуға және елордада жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға бағытталған, - деп жазылған хабарламада.

Бағдарлар бағыты: №501 экспресс – Абайдың 150 жылдығы к-сі – Халықаралық әуежай; №502 экспресс –Теміржол вокзалы – «Бағыстан» ТК қатынасымен жүреді.

Әр бағыт бойынша 8 автобус қызмет көрсетеді, қатынау жиілігі 14-20 минут. Жол жүру құны – 250 тг. Экспресс-бағдарларға келесі айлық жол жүру тарифтері жарамды: «Қала+Экспресс» - 10 000 тг «Қала+Экспресс+Қала маңы» - 13 500 тг Экспресс бағдарлар елорданың негізгі көлік-тасымалдау хабтарын және әлеуметтік маңызы бар объектілері арқылы жүреді. Олардың жүру сызбаларымен CTS Instagram парақшасының Tаplink-те танысуға болады. Сапарларыңызды экспресс-маршруттармен жоспарлаңыз және ыңғайлы жүріңіз!, - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: City Transportation Systems
Өзгелердің жаңалығы