19 Шілде 2024 2024, 10:18
Фото: - архив
Астанада жаңа автобус бағыты пайда болады
Астанада 20 шілдеден № 63 жаңа бағдары іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада 20 шілдеден № 63 жаңа бағдары іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бағдар «Теміржол вокзалы» – Жағалау (Ә. Бөкейхан ат. Binom мектебі) қатынасымен жүреді. Ол Агротехникалық және Медициналық университеттері, «Сарыарка», «Keruencity» CОО, «Астаналық» базары, «Тұлпар», «Шапағат», «Асем» және «Сарыарка» сауда үйлері арқылы өтеді.
Бағытқа қызмет көрсету қатынау жиілігі 10-15 минут болатын 10 автобуспен жүзеге асырылады.