24 Қыркүйек 2026, 17:03
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Астанада зейнеткерлерге 10 000 теңгеден берілетін болды
Астанада 110 мыңнан астам зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсетіледі
Астанада Қарттар күніне орай 110 мыңнан астам зейнеткерлік жастағы адамға әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлады қала әкімдігі BAQ.KZ тілшісінің сауалына.
Қолданыстағы қағидаға сәйкес, 1 қазан – Қарттар күніне орай Астана қаласында тіркелген жасы бойынша зейнеткерлерге, сондай-ақ ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар қатарындағы зейнеткерлік жастағы азаматтарға 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем беріледі. Бұл шамамен 10 812,50 теңге.
Әлеуметтік көмек Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа жіберілген тізім негізінде 110 мыңнан астам адамға төленеді.