Астанада зейнеткерлер ұлттық ойын түрлерінен сынға түсті

Астанада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Алматы ауданы бойынша бөлімінде қазақтың ұлттық ойыны арқан тартудан жарыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Арқан тартысқа 9 команда қатысып, белсенді 36 зейнеткер атсалысты. Жарыстың мақсаты – егде жастағы адамдардың күш-қуатын дамытып, ойын арқылы қимыл бірлігін қалыптастырып, әлеуметтік топ арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

Зейнеткерлерден құралған «Жұлдыз», «Жеңіс» және «Алға» командалары жеңіске жетті. Барлық жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Арқан тарту жарысы Астана қаласы әкімдігінің Спорттық- бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясымен бірлесіп ұйымдастырылған болатын.

Жалпы біздің орталықта ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді насихаттау бағытында зияткерлік клубтарымыз жұмыс істейді. Жақында «Енші бөлу» ғұрпы бойынша ашық сабақ, тоғызқұмалақтан турнир өткіздік. Алдағы уақытта асық атудан жарыс өткізу жоспарда бар. Ұлттық дәстүрімізді насихаттауға бағытталған мәдени шараларға зейнеткерлеріміз үлкен қызығушылық танытады, - деп сөзін түйіндеді Алматы ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсетулер орталығының басшысы Динара Зәкір.

Айта кетейік, елорданың 5 ауданында орталықтың 5 филиалы бар. Қаладағы орталықтар дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Астанада құрметті еңбек демалысына шыққан зейнеткерлер «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, күнделікті уақытын пайдалы өткізеді. Орталыққа 12 000-нан астам келеді, олардың 3 мыңнан астамы сауықтыру үйірмелерін таңдаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы