Астанада заңсыз майнинг: 900 млн теңгеден астам мүлік тәркіленді
Астанада 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып, бір мегаполистің тұрғын ауданымен салыстырғанда айлық электр энергиясын тұтынған үш азаматқа қатысты айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер 143 млн теңгеден асады.
Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция алынды.
Сот оларды ҚР ҚК 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу жазасын тағайындады.
Сот шешімімен мемлекет пайдасына 900 млн теңгеден астам мүлік: 2 көлік ("Toyota Camry", "Nissan Juke") және майнинг жабдықтары тәркіленді.
Сонымен қатар, сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 млн теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді.
Үкім заңды күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада ІІ Орталық Азия медиа форумы басталды
Келесі жаңалық
2026 жылдың басты түсі анықталды
Өзгелердің жаңалығы