Астанада «You Fest» фестивалі өтті

Астанадағы «Barys Arena» мұз сарайында өткен «You Fest» алтыншы жастар фестивалінде қазақстандық қоғамдық белсенді, кәсіпкер және продюсер Азат Әбікен табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортада да, адамдардың жүрегінде де тазалықты сақтау қажеттігін атап өтіп, жас ұрпаққа маңызды үндеу жасады, деп хабарлады ресми елорда әкімдігінің сайты.

Махаббат бар жерде бақыт та болады. Қаланың қаншалықты таза екенін қараңыз. Біздің үйде тазалық, жүрегімізде тазалық, көшеде тазалық болғанына екеніне көз жеткізіңіз. Бір-біріңізді, табиғатты, ата-анамыз мұра еткен табиғатты қорғасақ екен деймін. Әрдайым осындай достық атмосфера болғанын, бір-біріңіздің көңілін қалдырмай, бір-біріңізді ренжітпей, татулық болғанын қалар едім, - деді Әбікен сахна төрінен 12 мың көрерменнің алдында.

Ол сондай-ақ бұқаралық іс-шаралардан кейін де тазалықты сақтау қажеттілігіне назар аударды.

«You Fest» фестивалі ойын-сауық алаңына ғана емес, сонымен қатар жастарды белсенді азаматтық ұстанымға және қоршаған ортаны құрметтеуге шақыратын маңызды әлеуметтік оқиғаға айналды.

Естеріңізге сала кетейік, фестиваль барысында 12 мың көрермен Марат Омаровтың әйгілі «Анашым» әнін хормен шырқады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы