Астанада үздік имам анықталмақ
2025 жылдың 3 желтоқсанында Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен "Үздік имам" І республикалық интеллектуалды білім сайысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауға еліміздің ірі қалалары мен облыстарынан іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 20 имам қатысады. Қатысушылар діни білім деңгейі, уағыз айту шеберлігі, жамағатпен жұмыс жүргізу дағдылары, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау бағыттары бойынша сайысқа түседі.
Шараның мақсаты – дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау және қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 7 адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Елімізден қой мен сиыр етінің экспорты артты
Өзгелердің жаңалығы