Астанада үйді арзан бағамен алуға болатын бағдарлама басталды
Астанада 2-5% мөлшерлемемен кредиттік тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кезекте тұрған азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары аясында 2-5% мөлшерлемемен кредиттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталады.
Өтінімдер 2026 жылғы 20 қаңтар мен 3 ақпан аралығында қабылданады.
Тұрғын үйлер Астана қаласы Нұра ауданында, Шапық Шөкин көшесі бойында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінен ұсынылады. Пәтерлер таза әрлеуде, 1 шаршы метрінің құны 220 мың теңге, - делінген банктің хабарламасында.
Бағдарламаға тек Отбасы банкінің салымшылары қатыса алады.
Сонымен қатар үміткерлер “Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының” бірыңғай республикалық электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелуі тиіс.
Біз бұған дейін баспана бағасы қашан төмендейтіні жайлы жазған едік.