Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды

Астанада үстел теннисінен өтетін Азия чемпионатына 26 елден 210 спортшы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Оған 26 елден 210 спортшы қатысады.

Чемпионатта отандық команда құрамында келесі спортшылар қатысады:

- Кирилл Герасименко;

- Алан Құрманғалиев;

- Искандер Харки;

- Айдос Кенжеғұлов;

- Санжар Жұбанов;

- Сарвиноз Миркадирова;

- Зауреш Акашева;

- Анастасия Лаврова;

- Анель Бақыт;

- Ангелина Романовская.

Жүлделер ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сын, командалық, сонымен бірге жұптық және аралас сындар бойынша таласқа салынбақ.

Жарыс BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында өтіп жатыр. Көрермендер үшін кіру тегін. Чемпионатты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Жарыстар күнделікті таңғы сағат 10:00-де басталады. Чемпионат 13 қазан күні аяқталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы