Астанада ұшақ жолаушыларына маңызды ескерту жасалды
Астанада әуе рейстері кешігуі мүмкін, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Air Astana әуекомпаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екендігі туралы хабарлайды.
Рейстердің кешігу себебі Астанада 8 тамызда болған дауыл мен бұршақтың салдарынан болуы мүмкін. Қазіргі уақытта әуекомпания бұршақтың салдарынан төрт ұшақтың зақымдалғанын анықтады. Әуекомпания инженерлері қажетті тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмыстары бірнеше күннен кейін аяқталады. Жолаушыларымыздан әуежайға жол тартпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтында тексерулерін сұраймыз, - деп ескертті компанияның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, кеше елордада ауа райы күрт бұзылып, бұршақ аралас нөсер жауын жауды. Салдарынан қаладағы көліктердің әйнегі зақымданды. Сонымен қатар адамдар зардап шекті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2024-2025 оқу жылына бакалавриатқа 78 мыңнан астам грант бөлінді
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы