9 Шілде 2025 2025, 07:46 Фото: Polisia.kz

Астанада үш жаңа учаскелік полиция пункті ашылды

Елордада "жұртқа жақын полиция" қағидатын іске асыру аясында үш жаңа учаскелік полиция пункті ашылды.

Елордада "жұртқа жақын полиция" қағидатын іске асыру аясында үш жаңа учаскелік полиция пункті ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа пункттер №7, №51 және №90 ретінде тіркеліп, олар қала тұрғындарына жақын орналасқан аудандарда жұмысын бастады.

№51 УПП – Нұра ауданында, Шафика Чокин көшесі, 6-үйде орналасқан. Шамамен 70 мың адамға қызмет көрсетеді. Аумағы – 78,2 ш.м.

№90 УПП – Сарыарқа ауданында, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 12-үйде, «Мирный дом» ТҮК-де орналасқан. 31 мыңнан астам тұрғынға арналған. Аумағы – 118 ш.м.

№7 УПП – Алматы ауданында, Мұқан Төлебаев көшесі, 5-үйде, «Арыстан» ТҮК-де ашылды. 41 мыңнан аса адамды қамтиды. Аумағы – 197 ш.м. Мұнда отбасылық-тұрмыстық зорлық және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларға жеке кабинеттер және конференц-зал қарастырылған.

Барлық пункттер заманауи техникамен, бейнебақылау жүйесімен, компьютерлермен, азаматтарды қабылдауға арналған қолайлы кабинеттермен жабдықталған. Енді тұрғындар учаскелік инспекторға өз шағынауданынан шықпай-ақ тікелей жүгіне алады.

Полиция мен халық арасындағы өзара сенімді арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және жедел әрекет ету – жаңадан ашылған пункттердің негізгі мақсаты.

Ашылу рәсіміне Астана қалалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева, мәслихат депутаты Бауыржан Смаилов және аудан әкімдері қатысты.

Жаңа пункттердің ашылуы – полицияның сервистік моделіне көшу жолындағы нақты қадам. Біз тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және полициямен ашық байланысын күшейту арқылы «Заң мен Тәртіп» қағидатын жүзеге асырып келеміз, – деді полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.