Астанада ұрлық жасаған азамат камераға түсіп қалды
Астанада қоймадан зат ұрлаған азамат қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz-тің жазуынша, ұрлық жасауды алдын ала жоспарлаған жігіт Дүкенұлы көшесінде орналасқан дүкенге келген. Қойманың қайда орналасқанын біліп алған ол сағат 14.56 шамасында қоймаға кіріп, ыдыс салынған қорапты алып кеткен. Кейіннен ол ұрланған ыдыстарды белгісіз азаматтарға сатып жіберген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 42 жастағы елордалықты анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Анықталған азаматтың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. Сонымен қатар оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2023 жылы 140 журналист қызмет барысында қаза тапқан
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы