25 Сәуір 2024 2024, 11:10 Фото: Елорда әкімдігі

Астанада Ұлы Дала көпірінің бір бөлігі жабылады

"Ұлы Дала" көпірінің жол бөлігінде ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ұлы Дала" көпірінің жол бөлігінде ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 25-26 сәуір аралығында көпірдің Әл-Фараби даңғылынан E113 көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.