31 Қазан 2026, 14:49 Фото: polisia.kz

Астанада үлескерлердің 4 млрд теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды

Іс бойынша 292 үлескер зардап шеккен деп танылып, келтірілген шығын 4 млрд теңгеден асқан.

Шымкентте ірі құрылыс алаяқтығына қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 45 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Анықталғандай, күдікті сыбайластарымен бірге Астанада көпқабатты тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен азаматтардың ақшасын тартқан. Алайда құрылыс қажетті құжаттарсыз және міндетті мемлекеттік сараптаманың қорытындысынсыз заңсыз жүргізілген.

Полицияның мәліметінше, іс бойынша 292 үлескер зардап шеккен деп танылған. Жалпы шығын көлемі 4 млрд теңгеден асқан.

Күдікті ұзақ уақыт бойы бой тасалап, Шымкент қаласында жалдамалы пәтерлерін жиі ауыстырып жүрген. Алайда жедел уәкілдер оның жүрген жерін анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.