Астанада тұрғын үйге кезегінде тұрған кімдердің құжаттарын жаңарту керек?
Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ азаматтарға тізімге сәйкес құжаттарды жаңарту қажет екенін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тізімде кезек, санат және кезекке қойылған күн туралы деректер көрсетіледі. Құжаттарды жаңарту 2022 жылғы 14 желтоқсанға дейін жүргізілуі тиіс.
Барлық азаматтар тізбеге сәйкес Республика даңғылы, 32 (307 кабинет) мекен-жайы бойынша орналасқан Тұрғын үй орталығына мына құжаттар тізбесін көрсетумен жүгінуі тиіс:
- жеке куәлік (отбасының барлық мүшелері үшін);
- балалардың туу туралы куәлігі;
- баланың мүгедектігі туралы анықтама (ШҚК немесе ОЖБ);
- неке қию/некені бұзу / жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәлік / ф-4 анықтама / әке болуды анықтама (барлардың бірі);
- отбасының барлық мүшелері үшін Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама.
Құжаттарды жаңарту тізімде көрсетілген азаматтар үшін ғана қажет, қалған азаматтардың барлығына құжаттарды әлі жаңартудың қажеті жоқ.