Астанада тұрғын үйдің 26-қабатынан өрт шықты

Астанада Ханшатыр сауда орталығының маңындағы көпқабатты тұрғын үй өртеніп жатыр.

Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына шықты.

Құтқарушылар келіп жеткенде тұрғын үй кешенінің 26-қабатында сыртқы жабын өртеніп жатқанын анықтаған.

ІІІ-ші дәрежедегі шақырту бойынша аттанған өрт сөндірушілер қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 16 бірлік техника және 72 адам жұмылдырылған. Ғимарат ішінде пәтерлер ғана емес, сонымен қатар әкімшілік нысандар да орналасқан. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау шарасы жүргізіліп жатыр. ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады, - дейді ҚР ТЖМ.

Қызыл жалын әлі сөндірілген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы