Астанада Тұран даңғылының учаскесі уақытша жабылады
Астана қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 29-30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы оң жақ съездер бойынша бағытталады, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Әкімдік Астана тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді ХҚКО қызметкерін үйге шақыруға болады
Өзгелердің жаңалығы