Астанада түнгі уақытта қар күреуге 1700-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды

Күндіз ауа температурасы нөлден жоғары болып, қар ерісе, түнгі уақытта күрт суытады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жағдайда мұз қатып, көктайғақ орнайды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы үздіксіз жұмысын жалғастырып жатыр, – деп жазды қала әкімдігінің ресми сайты.

Күндізгі ауысым барысында елордадан қар полигондарына 3 723 ауыр жү көлігі рейсімен 60 мың текше метрден астам қар мен мұз шығарылды.

9 ақпаннан 10 ақпанға қараған түні қалада қар мен мұзды тазартуға шамамен 1 700 арнайы техника мен 400-ден астам жол жұмысшысы тартылды.

Жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себіліп жатыр. Бұл жұмыс тәулік бойы жүргізіледі.

Астана әкімдігі тұрғындарды жолда абай болуға және мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы