Астанада түнгі уақытта 1000-нан астам арнайы техника қар тазалау жұмысына шығады
Елордада қар тазалау жұмыстары тәулік бойы қарқынды жүріп жатыр. Қалалық коммуналдық қызметтер көшелер мен тротуарларды қардан тазартып, арнайы полигондарға тасымалдауда, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
11 қараша күні полигондарға 1669 рейспен 21 мың текше метрден астам қар шығарылған. Ал 12 қарашаға қараған түні қала көшелерін тазалауға 439 жол жұмысшысы және 1021 арнайы техника жұмылдырылмақ. Қыс басталғалы бері елордадан 198 мың текше метрден астам қар, яғни 16 500-ден астам ауыр жүк көлігінің көлеміндей қар шығарылған, - делінген әкімдік хабарламасында.
Алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Кейінірек аулалар, тротуарлар, аялдамалар мен алаңдардағы қар күреу жұмыстары жүргізіледі.
Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын ауа райының қолайсыз кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жол мен тротуарда сақ жүруге және алыс сапарларды шектеуге шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы