29 Желтоқсан 2025 2025, 11:05 Фото: pexels.com

Астанада түнгі клубтағы төбелестен 18 жастағы жігіт қаза тапты

Астанада түнгі клубтардың бірінің маңында болған оқиға салдарынан 18 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада түнгі клубтардың бірінің маңында болған оқиға салдарынан 18 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Полицияның мәліметінше, жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық қорғау органдары екі күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Анықталғандай, түнгі ойын-сауық орындарының бірінің маңында жас адамдар тобы арасында алдымен сөзге келу болып, ол кейін төбелеске ұласқан. Қақтығыс барысында 18 жастағы азамат дене жарақатын алып, кейіннен алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Астана қаласының полициясы ойын-сауық орындарына барған кезде қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын еске салып, кез келген заңға қайшы әрекет үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделетінін атап өтті.