Астанада түнгі автобустар қашан жүре бастайтыны белгілі болды
Астанада 8 маусым күні түнгі бағдардағы автобустар іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астанада 8 маусымда қоғамдық көліктің № 201, 202, 203 түнгі бағдарлары іске қосылады.
Бағдарлар жұмысы маусымның 8-інен 9-ына ауысқан түні, сағат 00:00 басталады.
Бағдарлар келесідей хабарламамен жүреді:
№201 бағдар: Теміржол вокзалы – Пригородный тұрғын алабы;
№202 бағдар: Отау шағын ауданы – Жағалау;
№203 бағдар: Көктал-1 тұрғын алабы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы.
Қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады. Бағдарлар қозғалысын Avtobys мобильді қосымшасы арқылы онлайн бақылауға болады. Бағдарлар түнгі сағат 00:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін жүреді.
Жол жүру құны – 90 теңге.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Импорт отандық өнімді құлдыратады – Шаймерден Ахметов
Өзгелердің жаңалығы