Астанада түнгі ауысымда қар күреуге 1 600-ден астам техника жұмылдырылды

Астанада қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Коммуналдық қызметтер бірнеше ауысыммен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Күндізгі ауысымда қаладан 2 527 рейспен 33 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Ал 23 желтоқсанға қараған түні қар күреу жұмысына 449 жол жұмысшысы мен 1 608 арнайы техника тартылды.

Қыс маусымы басталғалы бері елордадан қар полигондарына 72 847 рейспен 941 мың текше метрден астам қар шығарылған.

Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланып, кейін аулалар, тротуарлар, алаңдар мен аялдамалар қамтылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жолдар мен жаяу жүргінші аймақтарына техникалық тұз себіледі.

Әкімдік аула аумақтарын қар мен көктайғақтан тазалау ПИК пен МИБ-тің міндеті екенін еске салып, қала тұрғындарын қолайсыз ауа райында сақ болуға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы