Астанада түнгі ауысымда 1000-ға жуық арнайы техника қар тазалауда

Астанада коммуналдық қызмет мамандары күндіз 36,1 мың текше метр қар шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

25 ақпан күні түнгі ауысымға қар күреу жұмысына 200-ден аса жол жұмысшы, 881 арнайы техника жұмылдырылды.

Коммуналдық қызмет мамандары 25 ақпан күні күндіз 2800-ге жуық рейс арқылы 36,1 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Ал қыс басынан бері 386,2 мың рейс арқылы 5 млн 242 мың текше метр қар шығарылды.

Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруының қауіпсіздігі үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы