9 Қараша 2024 2024, 22:27 Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астанада түнде қар тазалауға 600-ден аса арнайы техника жұмылдырылады

Жауын-шашынға байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартады деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жауын-шашынға байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартады деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, 600-ден аса арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшысы түнгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал аумағы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.

Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұрайды.

Елордада қар тазалығы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі.