Астанада тұмауға қарсы тегін вакцинация басталады
Астанада 15 қыркүйектен бастап иммундау науқаны ресми түрде басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада 15 қыркүйектен бастап иммундау науқаны ресми түрде басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева мәлімдеді.
Айтуынша, вакцина бірінші кезекте қауіп-қатер тобындағы азаматтарға тегін жасалады.
Тұмауға қарсы екпе ең алдымен медициналық қызметкерлерге, диспансерлік есепте тұрған балаларға, балалар үйі мен сәби үйінің тәрбиеленушілеріне, қарттар үйіндегі азаматтарға егіледі. Сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі әйелдер, жүрек-қантамырлары мен тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар, мектеп оқушылары және жабық мекемелердің контингенті қамтылады, – деді ол.
Сондай-ақ ведомство өкілі халықты вакцинамен қамту үшін Ресейде өндірілген "ГРИППОЛ+" препаратының 145 мың дозасы сатып алынғанын айтты.
Екпе алу – тек өзіңіздің ғана емес, жақындарыңыздың да денсаулығын қорғаудың ең тиімді жолы. Вакцинация ауыр асқынулардың алдын алады әрі ұжымдық иммунитет қалыптасуына үлкен үлес қосады, – деп атап өтті Жанна Пірәлиева.