Астанада цифрлық трансформация мәселелері қаралады

26 қыркүйекте Астанада «Индустрия 4.0: ақылды өнеркәсіптік өндірістің озық тәжірибелері» тақырыбында халықаралық «Цифрлық трансформация» іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» «Цифрлық экономика» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырады.

Стратегиялық сессия «Иннопром» өнеркәсіптік көрмесі шеңберінде өткізіліп, тау-кен металлургия кешені, машина жасау мен өңдеу өнеркәсібі тақырыптары қамтылады.

Қатысушылар келесі негізгі мәселелерді талқылайды:

- Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрлық трансформациялаудың ағымдағы жағдайы мен басым жобалары;

- Ірі компанияларды цифрландырудың кешенді тәсілі, әлемдегі және Ресейдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландырудың мысалдары;

- Өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрлық трансформациялау үшін оларды қолданудың технологиялары мен кейстері.

Іс-шараға мемлекеттік сектордың (Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) және технологиялық компаниялардың өкілдері - IDS Metra Robotics, «1С» фирмасы, «СИБУР-Диджитал» ЖШҚ», «Green Mind» ЖШС, «Цифра» МК және тағы басқалар қатысады.

Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, IT-компаниялардың басшылары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, даму институттарының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ғылыми және сараптамалық қоғамдастығының өкілдері аталмыш іс-шараға қатысуға шақырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы