Астанада травматология және ортопедия саласындағы жетекші мамандар қабылдайды

15 қыркүйекте Астана қаласындағы Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми Травматология және ортопедия орталығында Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын Қазақстанның травматология және ортопедия саласындағы жетекші мамандары қабылдайды:

Байдалин Тимур Төлегенұлы, бөлімше меңгерушісі, жоғары біліктілік санатындағы травматолог-ортопед дәрігер,

Раймағамбетов Ерік Қанатұлы, бөлімше меңгерушісі,

Республикалық артроскопия және спорттық жарақат орталығының басшысы, ортопед - травматолог дәрігер,

Байдарбеков Мұрат Өмірханұлы, бөлімше меңгерушісі, нейрохирург дәрігер, м. ғ. к.,

Қазыбеков Адай Жарылқасынұлы, консультациялық-диагностикалық бөлімшенің меңгерушісі, травматолог-ортопед дәрігер.

Консультацияға 16 жастан асқан ел азаматтары шақырылады, олар келесі диагноздар бойынша травматолог-ортопед дәрігерлерінен тегін консультация ала алады:

  • омыртқаның қисаюы
  • ірі буындарды эндопротездеу
  • спорттық жарақат
  • артроскопия
  • қолдың жарақаты
  • кеуде қуысының деформациясы
  • аяқ хирургиясы
  • сынықтар және олардың салдары
  • дұрыс бітпеген сынықтар
  • жалған буындар
  • тірек-қимыл аппаратының басқа мәселелері.

Қабылдау күні өзіңізбен бірге міндетті түрде жеке куәлік және функционалдық диагностиканың медициналық қорытындылары болуы керек.

Алдын ала жазылу үшін Call-center бірыңғай телефон нөміріне қоңырау шалу қажет: 8 (7172) 640-960, 87786406699, жұмыс күндері сағат 08:00 - ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі-демалыс күндері.

Біздің мекенжайымыз: Астана қ., Абылай хан 15а, 2-корпус

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы