Астанада төрт жастағы бала төртінші қабаттың терезесінен құлады

Төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Астана қаласының Сарыарқа ауданында болған.

Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде.

ТЖМ тағы да еске салады:

  • бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;
  • терезелерге блокаторларды орнатыңыз;
  • терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;
  • москит торлары құлап кетуден сақтамайды.
  • Балалық шақ қауіпсіз болуға тиіс!
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы