5 Қаңтар 2025 2025, 21:47
Фото: архив
Астанада төрт автобус уақытша қозғалыс бағытын өзгертеді
Астанадағы Чехов көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты төрт автобус уақытша қозғалыс сызбасын өзгертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанадағы Чехов көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты төрт автобус уақытша қозғалыс сызбасын өзгертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
City Transportation Systems хабарлауынша, уақытша өзгеріс №1, 6, 11, 85 автобус бағыттарына әсер етеді. Компания жолаушыларға өз бағытын алдын ала жоспарлауды ескертті.
Өзгерістер жөндеу жұмыстары аяқталғанша сақталады.