25 Қыркүйек 2026, 23:41 Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада төрт автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

Өзгерістер халықты қамтуды кеңейту және Tarlan Astana LRT станцияларына қолжетімділікті арттыру мақсатында жасалды.

26 қыркүйектен бастап Астанада №3, 45, 46 және 84 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі.

Өзгерістер халықты қамтуды кеңейту және Tarlan Astana LRT станцияларына қолжетімділікті арттыру мақсатында жасалды.

  • №84 автобус Қалдаяқов көшесіне бұрылып, осы көшемен жүретін болады.
  • №46 автобус Достық көшесімен жүрмейді және «Министрліктер үйі» аялдамасына кірмейді. Оның орнына Сығанақ көшесімен тура жүреді.
  • №45 автобус Мұхамедханов көшесімен тура жүріп, Қорғалжын тасжолына дейін барады.
  • №3 автобус Әзірбаев көшесімен тура Қалдаяқов көшесіне дейін, одан әрі Қалдаяқов көшесімен «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін жүреді.

Автобустардың нақты орналасуын Avtobys қосымшасы арқылы бақылауға болады.