Астанада төрт адам лифтте қамалып қалды

Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Астана қаласының Алматы ауданындағы бизнес орталықтардың біріндегі лифтте 4 адам қалып қойған.

Шақыру орнына келген құтқарушылар аспалы құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, олардың шығуына көмектесті. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы