Астанада «Тоқта, вандал» акциясы өтіп жатыр
Акцияға еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Тоқта, вандал» акциясы аясында белсенділер қала тұрғындарына түсіндіру жұмысын жүргізеді және көше нысандарын түрлі жазулардан, былғанған жерлерін кірден тазартады.
Күндізгі рейд елорданың барлық бес ауданында өткізіледі. Оларға еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар қатысады. Солардың арасында спортшы және әлеуметтік кәсіпкер Айтым Жақыпов бар.
Бізде әкімдікпен және Полиция департаментімен бірлесіп «Тоқта, вандал» кезекті акциясы өтті. Біз боялған, қаламдармен есімдер жазылған көптеген орындықтар бар екенін көрдік. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды ең алдымен спортқа қызықтыру, - деді Жақыпов.
Науқанға қатысушылар рейдтер кезінде көшелерді қоқыстардан және жазулардан тазартады, қала тұрғындарына қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы профилактикалық түсіндіру жүргізіледі және оларды спортқа қызықтырады.
«Тоқта, вандал» акциясы жыл басынан бері әкімдіктің қолдауымен өткізіліп келеді. Оған «Астана жастары» ЖРО еріктілері, белсенді азаматтар, қала тұрғындары, қоғам белсенділері қатысып жатыр. Рейдтер елорданың барлық бес ауданында өтуде, - деп атап өтті NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Альфараби Аймақ.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері құқық қорғау органдары вандализм әрекеті үшін 100-ден астам адамды анықтап, жауапқа тартты. Қала бойынша күнделікті патрульдеуді екі мыңнан астам полиция қызметкері жүзеге асырады.