Астанада «Тоқта, вандал» акциясы аясында қоғамдық орындарға рейд өткізілді
Бұл шараға тәртіп сақшыларымен қатар, қоғам қайраткерлері, Ауған соғысының ардагерлері, аудан белсенділері, белгілі спортшы Айтым Жақыпов және «Астана жастары» волонтерлары катысты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл шараға тәртіп сақшыларымен қатар, қоғам қайраткерлері, Ауған соғысының ардагерлері, аудан белсенділері, белгілі спортшы Айтым Жақыпов және «Астана жастары» волонтерлары катысты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Астананың өзінде соңғы 10 айда 120 факт тіркелген. Бұзақылар аялдама тұрағы, демалыс орындары секілді инфрақұрылым нысандарын бүлдірген.
Вандализм жасағандар жазасыз қалмайды. Себебі қазір мұндай бұзушылықтарды анықтауға бағытталған іс-шаралар жиі жүргізілуде. Бұл акция қала мүлкін қорғауға, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтауға бағытталған. Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру әкімшілік жауапкершілікке, атап айтқанда 200 АЕК-ке дейінгі айыппұлға әкеп соғады. 90 әкімшілік айыппұл салынып, өндірілді және 17 әкімшілік қамауға алынды.
Соңғы 10 айда Астана бойынша 120 дерек тіркелді.Полиция қызметкерлері анықталғаннан кейін тиісті шаралар қабылдады. Құқық қорғаушылар құқық бұзушыны анықтайды, әкімшілік хаттама жасайды және материалдарды әкімшілік сотқа жібереді, – деді Сарыарқа ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ділшат Қойшыбаев.
Ескере кететін жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 1200-ге жуық хаттама жасалды. Вандализмге қарсы уақытылы шаралар мен жұртшылықтың қатысуының арқасында істердің саны ай сайын азайып келеді.
Рейдтер елорданың 5 ауданында жалғасуда, қала бойынша күнделікті кезекшілік жүргізілуде, оған 2 500 құқық қорғау қызметкері жұмылдырылды.
- Дұрыс қойылмаған диагноз: Ақмолада емхана пациентке 1,6 млн теңге төлейді 21:49
- Үкімет бағаны тұрақтандырудың қосымша шараларын әзірлеуді тапсырды 21:18
- Степногорскіде прокуратура дәрігердің қызметтік пәтерді жекешелендіру құқығын қорғады 20:45
- «Мұсылман елдерінің НАТО-сы» құрылып жатыр. Түркия, Сауд Арабиясы мен Пәкістанның жаңа әскери одағы нені өзгертеді? 20:44
- «Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы Атырауда еңбек ұжымдарымен кездесті 20:30
- Абай облысында Аустралия университетінің филиалы ашылуы мүмкін 20:06
- Ауылға қаржы, жастарға мүмкіндік: «Ауыл» партиясы Павлодарда қандай ұсыныстар айтты 20:00