12 Қыркүйек 2026, 08:18 Фото: depositphotos.com

Астанада Төле би көшесінің бір бөлігі 12-13 қыркүйекте жабылады

Астанада Роза Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскедегі Төле би көшесінің құрылысын салу жобасы аясында жол жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады. 

Осыған байланысты осы жылдың 12 мен 13 қыркүйек күндері Бұқар Жырау мен Төле би көшелерінің қиылысында автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – делінген хабарламада.