1 Қыркүйек 2024 2024, 12:12 Фото: gov.kz

Астанада Төле би көшесі бүгіннен бастап ашылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Сарайшық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі 306 көше құрылысы» жобасын іске асыру аясында кезекті кезеңнің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ек-32 көшесінен Сығанақ көшесіне дейін Төле би көшесінің құрылысы бойынша жұмыс жүргізілді. Осы учаскеде көлік қозғалысы 1 қыркүйектен бастап қамтамасыз етіледі.

Көшенің бұл учаскесі көлікке қолжетімділікті жақсартуға және қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.