4 Қазан 2026, 14:19
Фото: видеодан скриншот
Астанада тоғыз қабатты үйден өрт шықты: тұрғындар эвакуацияланды
Сауран көшесіндегі үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан.
Астананың Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр.
Алғашқы бөлімшелер оқиға орнына келген кезде бірінші қабаттағы пәтерде ашық жалын байқалып, ғимарат іші қатты түтінге толған.
Елордалық құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісті. Олар ашық жалынды басып, өртті оқшаулаған.
Тұрғындарды эвакуациялау үшін автосаты және үш иінді саты жұмылдырылды. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.