Астанада "Тиімді перинаталдық технологиялар" халықаралық тренингі өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша ДДҰ-ның Астана қаласындағы елдік офисінің техникалық қолдауымен практикалық денсаулық сақтау мамандары "Тиімді перинаталдық технологиялар" тақырыбында тренинг-семинар жұмысына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыту барысында өңірлердің мамандары клиникалық ұсынымдар алады, жаңа білімді игереді және акушерлік-гинекология, акушерлік іс және неонатология сияқты бағыттар бойынша мануалдық дағдыларды пысықтайды, бұл жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге стационарлық көмек көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Курс аяқталғаннан кейін семинардың 30 қатысушысы "Тиімді перинаталдық технологиялар" халықаралық тренингтік курсы бойынша ДДҰ жобасын іске асыру шеңберінде оқудан өткенін растайтын сертификаттар алады.

Оқытудың негізгі мақсаты өңірлік үйлестірушілерді даярлау болып табылады, олар болашақта өз өңірлерінде каскадты әдіспен босандыру қызметінің мамандарын оқытатын болады.

Оқытуды келесі құрамдағы тәжірибелі мамандар тобы жүргізді: Анна Каланча, қосалқы фасилитатор, ана мен жаңа туған нәрестенің денсаулығына және Қазақстанда жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне арналған нұсқаушыларды оқытуға (ТoТъъ)   байланысты курстардың акушері,

Дмитрий Беглице, курстардың қосалқы фасилитаторы,  акушер дәрігер, Ирина Степанова, курстардың қосалқы фасилитаторы, акушер, Хатуна Ломаури, курстардың қосалқы фасилитаторы, неонатолог дәрігер, Татьяна Қараус, курстардың қосалқы фасилитаторы, неонатолог дәрігер, Тинатин Гагуа, курстың қосалқы фасилитаторы,  акушер дәрігер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы