Астанада техникалық ақауы бар автобустар жолаушы тасымалдаған
Елордалық полиция департаменті қала әкімдігі және басқа да құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Тасымалдаушы» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған іс-шараның бірінші күні Полиция департаменті автобустарды автопарктардан шығару тәртібін, олардың техникалық жай-күйінің қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өту рәсімін тексерді.
Техникалық ақауы бар автобустарды желіге шығарудың 10 фактісі анықталды, олар бойынша автопарктердің 4 лауазымды тұлғасы ҚР ӘҚБтК 617-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар қалта ұрлығымен байланысты қылмыстардың алдын алу үшін автобус салондарында бейнекамералардың болуы және жұмыс істеуі тексеріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қар көшкіні салдарынан Риддер тұрғындары сусыз қалды
Өзгелердің жаңалығы