Астанада «TAZALIKE» акциясы өткізілді

Сенбілік акцияға астаналық жастар мен қаланың жанашыр тұрғындары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 сәуір күні Астана қаласы "Жастар Рухы" ЖҚ-ның ұйымдастыруымен «TAZALIKE» атты акциясы өткізілді. Бұл туралы "Жастар Рухы" ЖҚ төрағасы, Астана қаласы мәслихатының депутаты Асланбек Мағзұм әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Айтуынша, акция мақсатты - қоршаған ортаны таза сақтап, қоғамға пайда тигізу.

Бүгін «Алматы» ауданының әкімі Мақсат Саматұлы және еліміздің танымал спортшылары Айтым Жакупов пен Василий Тахтаймен бірге сенбілікке қатысып, ағаш отырғыздық. Елімізді көгалдандыру – табиғатты қорғауға қажетті және қайырымды іс. Елордамыз жайлы және жасыл қалаға айналуы керек. Осы пайдалы шараға атсалысқан елордалық рухтастарға алғыс білдіремін, - деп жазды мәслихат депутаты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы