Астанада Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 19-20 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылының Күйші Дина көшесінен Б.Майлин көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 21 мен 22 мамыр аралығында Б.Майлин көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде жол ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Финляндияда екі тікұшақ соқтығысты
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы