13 Қазан 2023 2023, 12:25 Фото: - архив

Астанада тапсырыспен адам өлтірмек болғандар ұсталды

Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Екі күдікті, яғни тапсырыс беруші мен кісі өлтіруге тапсырыс алған адам анықталды. 

Қылмысқа тапсырыс беруші жұмсалған мүлік үшін жауапкершілік алғысы келмей, одан жалтармақ болған. 

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдіктілер "Астана - Көкшетау" тас жолында ұсталды. 

Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 патрон табылды. Сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді, - деді Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Арғын Алтынбеков. 

Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.