Астанада тапаншасы бар жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада полицейлер тапаншасы бар жүргізушіні ұстады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Елордалық полиция қызметкерлері «Қылмысқа тосқауыл» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында «Lexus RX 350» маркалы автокөлігiн тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде 28 жастағы жүргізуші ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша көлiк басқару құқығынан айырылғанына қарамай көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін 6 ай мерзімге сотталып, жазасын қоныс-колониясында өтеп жатқандығы анықталды. Көлікті одан әрі тексеру барысында салонда «Оса» маркалы тапанша табылды, – делінген хабарламада.

Полицейлер тапаншаны тәркіледі. Сот-баллистикалық сараптама нәтижелері бойынша қару атуға жарамды екендiгi анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы