Астанада таксистерді "тонайтын" алаяқ әйел ұсталды

Астанада полицияға екі такси жүргізушісі арызданған. Жүргізушілер өздерін бір әйелдің алдап кеткенін айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, такси жүргізушілерінен қаскүнем қоңырау шалу үшін телефондарын сұрап алып, содан кейін танымал такси қосымшасындағы бонустарын өзінің банктік шотына аударып алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған 28 жастағы әйелді анықтады. Сонымен қатар әйелдің басқа такси жүргізушісінен барсетканы ұрлағаны анықталды, оның ішінде жәбірленушінің құжаттары, сымсыз құлаққап, ақша және сағат болған. Ұрлық пен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазылған хабарламада.

Жалпы келтірілген шығын көлемі – 300 мың теңге.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы