18 Тамыз 2026, 07:12 Фото: depositphotos.com

Астанада такси жүргізушісін балағаттаған ер адам 10 тәулікке қамалды

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасаған азамат А.-ға әкімшілік қамақ тағайындады.

Сотта анықталғандай, азамат такси қызметін пайдаланып, сапар аяқталғаннан кейін жүргізушіге балағат сөздер айтып, көліктен шығудан бас тартқан және оған қоқан-лоқы көрсеткен. Оқиға әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан кейін полицияда тіркелген.

Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындады.

Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.