Астанада такси жүргізушісі шетелдікті алдап кетті

Астанада такси жүргізушісі шетелдікті 150 метр қашықтыққа 500 теңгеге тасымалдаған, деп хабарлады BAQ.KZ.

Аталған жағдай Астана теміржол вокзалында рейд жүргізу кезінде анықталды. Көлік полицейлерінің айтуынша, елорданың 50 жастағы тұрғыны теміржол вокзалынан екі жолаушыны тасымалдаған. Ол такси қызметіне жүгінген жолаушылардың бірінің шетелдік екенін әрі қаланы білмейтінін пайдаланып, оны вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан «Сапаржай» автовокзалына 500 теңгеге апаруға келіскен.

Аталған факті бойынша құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) және ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы