Астанада тағы бір жылу орталығы салынады

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Астанада үшінші жылу электр орталығы салынатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы бойынша жылу қуатының тапшылығын төмендету мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен өткен жылы Астана қаласы бойынша жылу көздерін салудың 3 жобасы іске асырылды. Үшінші жылу электр орталығы- бірінші кезек, жиынтық жылу қуаты 1 175 Гкал/сағ болатын “Оңтүстік-Шығыс” және “Тұран” газ қазандықтары (бірінші іске қосу кешені), бұл елорданың жылу энергиясының тапшылығын жоюға мүмкіндік берді, – деді Алмасадам Сәтқалиев БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Ведомство басшысы электр орталығы құрылысының жұмысы келесі жылы аяқталатынын айтады.

Биыл үшінші жылу электр орталығы жобасы бойынша көмір бөлігіне(резервтік отын) және абаттандыруға байланысты жұмыстар орындалады. Жоба келесі жылы аяқталады деп күтілуде. Қосымша 480 Гкал жылу қуатын іске қосу елордада жылу қуаттына деген өсіп келе жатқан қажеттілікті жабуға мүмкіндік береді, – дейді Сәтқалиев.

Еске салайық, бұған дейін Энергетика министрі еліміздің үш қаласындағы ЖЭС құрылысы жүріп жатқанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы