Бүгiн 2026, 16:49
Фото: pexels.com
Астанада тағы бір маңызды жол қиылысы ішінара жабылады
Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол жабынын жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, осыған байланысты 5 және 6 шілде күндері аталған жол учаскесінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.
Қала тұрғындары мен жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында жөндеу жүргізілетін аумақта уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.